Елорда күні болған митингілерде 100-ден астам адам ұсталған

735

Министрдің айтуынша митингілерге шақырғандарға қатысты екі қылмыстық іс қозғалған. Олар қарсылық акцияларын қаржыландырған.

Елорда күні болған митингілерде 100-ден астам адам ұсталған

Елорда күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда өткен заңсыз митингілерде 100-ден астам адам ұсталды. Бұл туралы ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"6 шілдеде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өткен рұқсат етілмеген митингілер кезінде 100-ден астам адам ұсталды, 44 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 19 адам әкімшілік қамауға алынды, 23 адамға қатысты әкімшілік айыппұл қолданылды", – деді Ерлан Тұрғымбаев сейсенбі күні журналистерге Нұр-Сұлтан қаласында.

Ал өзгелері түсіндіру жұмыстарынан соң босатылған.

Ол митингінің алдында қарсылық акциясына шақырған тұлғалар ұсталғанын еске салды. Министрдің айтуынша оларға қатысты екі қылмыстық іс қозғалған. Олар қарсылық акцияларын қаржыландырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу