Елорда күні – 6 шілдеде Қазақстанның медициналық ұйымдарында 448 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Олардың 223-і ұл, 225-і қыз.
Мереке күні елімізде екі егіз дүниеге келген. Екі егіз де Астана қаласында өмір есігін ашқан.
Өңірлер арасында ең көп нәресте Түркістан облысында тіркелді. Мұнда 67 сәби дүниеге келсе, Алматы қаласында – 44, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 нәрестеден туған.
Денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары тәулік бойы жүкті әйелдерге, босанушыларға және жаңа туған нәрестелерге қауіпсіз әрі сапалы медициналық көмек көрсетуді жалғастыруда.
Мереке күні сәбилі болған барлық отбасыларды құттықтай отырып, жаңа туған нәрестелер мен олардың аналарына зор денсаулық, бақ-береке және жарқын болашақ тілейміз.