Елорда күнінің барлық іс-шаралары тек онлайн режимде өтеді

1094

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты бұған дейін елорда күніне жоспарланған барлық іс-шаралар тоқтатылды.  

Елорда күнінің барлық іс-шаралары тек онлайн режимде өтеді

Шаралар тек онлайн режимде өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Мысалы "Домбыра күні" шарасын тұрғындар Қазақстан телеарнасынан онлайн режимде тамашалай алады. Іс-шаралардың көпшілігі әлеуметтік сипатта болады – ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған реабилитациялық орталық, жұмыссыз әйелдерге ШОБ негіздерін үйрететін "Кәсіпкер ана" әлеуметтік орталығы, Жағалау ауданында жедел жәрдем стансасы мен "Доктор у дома" медицина орталығы және басқа да әлеуметтік нысандардың ашылуы болады. Шараларға қатысатын адамдар саны шектелген. Сонымен қатар үй кезегіндегілер мен үлескерлерге пәтер кілттері тапсырылады – қатысушылар саны шектеулі және санитарлық нормалар қатаң сақталады: маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу