Елорда маңында шөптің өртенуін сөндіру жұмыстары жалғасуда

400

Бүгін 51 тонна су төгілді. 

Елорда маңында шөптің өртенуін сөндіру жұмыстары жалғасуда Фото: ҚР ТЖМ

Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер құрғақ шөптің бықсыған жерлерін жекелеген ошақтарын сөндіруде.

Елордалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жол арасындағы қураған шөп пен қамыстың өртенуін сөндіруде екінші тәулік күрес жүргізуде.

Бүгін таңертеңнен бастап "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы өрт ошақтарына әуеден 17 рет 51 тонна су төкті. Қорғаныс министрлігінің және "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшақтары өрт ошақтарына әуеден 59 рет 198 тонна су төкті.

Өрт сөндіру орнында Астана қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстары ТЖД жеке құрамының 185 адамы және 37 бірлік техникасы, қала әкімдігінің 6 суару машинасы жұмылдырылды.

Астана қаласының әкімдігі және де өз еріктерімен Клуб добряков еріктілер командасы елордалық өрт сөндірушілерді ыстық тамақпен және сусынмен қамтамасыз етті.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан ережелерді сақтауға кеңес береді. Өрт қауіпсіздігін, балалар отпен ойнамауын қадағалаңыз, темекі тұқылын тастамаңыз! Өрт қауіпті кезеңде өрттің пайда болу қаупі артады. Әсіресе, отпен абайсыз болу жағдайлары артады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу