Елорда маңындағы 7 елдімекен карантин аймағына енді

1894

Бұл туралы мәлімет елорда әкімдігінің сайтында жарияланды.  

Елорда маңындағы 7 елдімекен карантин аймағына енді

Сондай-ақ, бас қаланың маңындағы 7 елдімекен карантин аймағына енді, деп хабарлайды Atameken Business.  

Атап айтсақ, Қосшы, Тайтөбе, Қызылсуат, Қоянды, Ыбырай Алтынсарин, Талапкер және Қараөткел ауылдары. Бүгін түннен бастап аталған елдімекен тұрғындары қалаға еш қандай шектеусіз қатынай алады.

Дейтұрғанмен, қалаға кіретін барлық жолдар жабылып, 6 арнайы қадағалау бекеті қойылды. Онда тәулік бойы Қорғаныс министрлігінің әскерилерімен бірге полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Бекеттер Жібек жолы, Қосшы, Талапкер, Қараөткел, Қоянды ауылдарының маңында орналасқан.

Айта кетейік, карантин кезінде қаладағы қоғамдық көлік кешкі 9-ға дейін ғана жүретін болады.

Иә, кірмейсің, кірсең шыға алмайсың! Бұл қиял-ғажайып оқиғаның желісі емес, елорданың тірлігінің бүгінгі көрінісі. Карантин жарияланғаннан кейін бас қалада барлық бағыт бойынша қатынас тоқтады десе де болады. Ал билет алып қойғандар қайтпек?  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу