Бүгіннен бастап, 2019 жылдың 4 ақпанынан жаңа қала маңына қатынайтын № 320 бағдар іске қосылады. Осылайша, Қосшы ауылының сол жағы қаланың көлік инфрақұрылымына енгізілетін болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты..
"Жаңа № 320 автобустың бағдары "Назарбаев Университеті" аялдамасынан, Қабанбай батыр даңғылымен Лесная поляна тұрғын үй алабына дейін, одан әрі Республика даңғылымен Сүйінбай көшесіне дейін, одан әрі Қосшы ауылының сол жағымен "Муслим" дүкен-кафесіне дейін жүреді",– деп хабарлайды "Астана LRT" компаниясы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу