Елордада медициналық мекемелердің қызметіне шағым көбейген

483

Жыл басынан бері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елордадағы филиалына 5 235 өтініш түскен. 

Елордада медициналық мекемелердің қызметіне шағым көбейген

Соның 2751-і шағым. 2021 жылдың осы кезең аралығында 1 911 шағым түскен. Бұл туралы филиал директоры Нұрлыбек Қабдықапаров онлайн-брифингте хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Тұрғындардың басым бөлігі салалық мамандар мен диагностикалық қызметтердің қолжетімсіздігін, учаскелік мамандардың (жалпы практика дәрігері, дәрігер-терапевт, дәрігер-педиатр) қабылдауын ұзақ күтетінін, жедел медициналық көмек бригадасын көп күтетінін айтып шағымданған. Бұл сұрақ бойынша 907 шағым келген. Медициналық көмектің сапасыз көрсетілуі бойынша 858, ал денсаулық сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге қатысты 306 шағым түсті.

"Түскен барлық шағымдар бойынша шара қабылданып, өтініш иелеріне жауап берілді. Тұрғындар көбіне медициналық қызмет сапасына, қызметтерді көп күту жағдайларына, консультативтік-диагностикалық қызметтердің жетімсіздігіне (құрал-жабдықтардың болмауы, кезекті көп күту, жолдама бермеу, кадр жетіспеу), медицина қызметкерлерінің дөрекі сөйлеуі мен қызметін білмеуіне, т.б. шағымданады. Олардың көпшілігі, тұрғындарға медициналық көмек көрсетуді дұрыс ұйымдастыруға қатысты, яғни сол жерде медицина ұйымдарында және Денсаулық сақтау басқармасында шешімін табуы тиіс мәселелер", – деп атап өтті спикер.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу