Елорда мектептері жапон тәсілі бойынша жұмыс жасауда

1870

Нақтырақ айтсақ, оқушылар сабақтан кейін өз сыныптарын тазалайтын болады. 

Елорда мектептері жапон тәсілі бойынша жұмыс жасауда

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қазақстандық оқушыларды жапон жүйесі бойынша тәрбиелеудің жаңа әдісі туралы айтып берді, деп хабарлайды smartnewskz.

Мұндай тәжірибе елорданың №80 мектебінде енгізілді.  Қазір таңда бірінші ауысымдағы 7-11 сынып оқушылары екінші ауысымдағы достары үшін кабинетті тазалап кетеді.

"Біз балаларды еңбекке және басқалардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеуіміз керек. Әрине, біз әлі де техперсоналдан бас тартпадық, өйткені олар толық тазалау жұмыстарын жүргізу керек. Шынымды айтсам, тек бір ата-ана ғана өз қызының еден жууына қарсы болды. Біз бәрі өз еркімен болғаннан кейін, ешкімді мәжбүрлемейміз деп жауап бердік. Ал өзге ата-аналардың бұл бастаманы қолдады. Негізі біздің мектепте 1906 бала оқиды", - деді мектеп директоры.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабырбаев еліміздің өзге мектептері жапон тәжірибесін қолдайды деген үмітте.

"Жапонияда балалардың өзі отырған кабинетті тазалауы – бұрыннан қалыптасқан мәдениет болып саналады. Футболдан әлем чемпионаты өткен кезде жапондық жанкүйерлер стадионды тазалап кеткені белгілі. Сондай-ақ жапондық футболшылар да шешінетін бөлмені тазалап, "ойын үшін рахмет" деп жазып кеткен болатын. Бұл олардың маңызды дәстүрі екені белгілі. Біз еліміздегі мектептер осы тәжірибені қабылдайды деп үміттенеміз. Жапонияның осы тәжірибесін енгізу тетіктері бойынша кеңес беруге дайынбыз", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу