Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру басқармасының бөлім басшысы Даниял Айткенов елорда мектептерінің барлығында бейнебақылау камералары орнатылғанын мәлім етті.
"Бүгінгі күні елорданың барлық мектебі компьютерлік техникамен жабдықталып, интернет желісіне қосылды. Мектептерде робот техникасы кабинеттері бар. Сондай-ақ, асханаларда тамақтану кезінде қолма-қол ақшасыз төлем жасау жобасы енгізілді. Жан-жақты бейнебақылауды қамтамасыз ету үшін қазір мектептерде бейнекамералар орнатылып жатыр. Жыл соңына дейін 4752 камера орнатуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, мектептер 100% бейнебақылауға алынады", – деді цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бөлім басшысы.
Нұржан Көшкін