Елорда мектептеріне халықаралық бакалавриат бағдарламасын енгізу мәселесі талқыланды

495

Астана қаласының мемлекеттік мектептерінде Халықаралық бакалавриат бағдарламасын республикалық деңгейде іске асыру бойынша тәжірибе алмасу ұйымдастырылды. 

Елорда мектептеріне халықаралық бакалавриат бағдарламасын енгізу мәселесі талқыланды Фото: gov.kz

Астанада қала әкімдігінің "Әдістемелік орталық" МКҚК және №81 Astana English School Халықаралық мамандандырылған гимназиясы ұйымдастырған "MYP және PYP Халықаралық бакалавриат: теориядан практикаға дейін" республикалық семинары өтті, деп жазады inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әдістемелік орталық басшысының орынбасары Алма Мұхамеджанова іс-шара Астана қаласының мемлекеттік мектептерінде Халықаралық бакалавриат бағдарламасын республикалық деңгейде іске асыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылғанын айтты.

"Бүгінгі іс-шара республикалық семинар форматында өтіп жатыр. Мұнда еліміздің барлық өңірлерінің өкілдері жиналды. Ол IB бағдарламасына сәйкес оқыту бойынша №81 Astana English School Халықаралық мамандандырылған гимназиясының тәжірибесін таратуға арналған. Мектеп Халықаралық бакалавриат аккредитациясын бастауыш, орта және аға буынға арнап отыр. Бағдарлама білім алушылардың бәсекеге қабілеттілігін дамытуға, зияткерлік, жоғары мәдениетті тұлғаны дамытуға арналған. Мұнда қазақстандық бағдарламалар халықаралық бағдарламалармен біріктіріледі. Қазіргі уақытта бұл біздің түлектеріміздің Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде бағдарлануы және еліміздің дамуына өз үлесін қосуы үшін қажет", — деп атап өтті әдістемелік орталық басшысының орынбасары.

Ол өткізілген ашық сабақтардың арқасында Халықаралық бакалавриат бағдарламаларын мемлекеттік мектептерге де енгізуге болатындығын көрсетті.

№81 мектептің оқушылары семинарға қатысушылардан алған сұхбат бойынша фильм түсіріп, оны жиналғандарға көрсетті. Семинарға қатысушылар іс-шараға риза болып, көптеген жаңа және пайдалы дүниелер алғанын атап өтті. Семинар жұмысына Алтынсарин Ұлттық білім академиясының, "Дарын" республикалық орталығының, НЗМ өкілдері қатысты.

Қалалық ғылыми-әдістемелік орталықтың медодисі Қаламқас Шакретова семинарға Алматыдан келді.

"Екінші күн қатарынан бакалавриат бойынша қарқынды жұмыс жүріп жатыр. №81 мектепте ашық сабақтар, шеберлік сыныптары өткізілді. Жұмыс барысында біз әртүрлі өңірлерден келген өзге қатысушылармен таныстық, тәжірибемізбен бөлістік, сұрақтар қойдық. №85 мектепте біз IB бағдарламасы бойынша оқуға арналған кабинеттерді көрдік. Бағдарлама мектеп пәндерін интеграциялауды көздейді, мысалы физика математикамен, қазақ тілі тарихпен және т.б. интеграциялайды. Бұл бағдарламаны енгізу пәндердің жақсы және пайдалы бола бастағанын көрсетті. Бұл өз кезегінде қазақстандық оқушыларға оқуын бітіргеннен кейін шетелдік жоғары оқу орындарына тілді бастапқы оқымай түсуге мүмкіндік береді", — деп бөлісті сұхбаттасушы.

Алматының №27 гимназиясының оқытушысы Наталья Сатылғанова IВ бағдарламасының жұмысы өзіне таныс екенін айтты.

"№81 ағылшын мектебінде бізге үйретілген әдіс-тәсілдер өте жоғары деңгейде өтті. Балалардың белсенді жұмысы ерекше көрінді. Оқушылар өздерінің білімділігін, шығармашылығын көрсетті. Көтерілген тақырыптардың бірі отбасылық құндылықтар мен тіл мәдениеті туралы болды. Оқушылар мен ата-аналар театрға барып, артынан осы базада өз жобаларын көрсетті. Балалар үшін бұл өте қызықты, өйткені мұғалім оларға тақырыпты таңдамайды, олар — өз жобаларының авторлары. Бұл оларды әрі қарай оқуға ынталандырады. Оқытушылар мен әдіскерлерге арналған бұл семинар өте қызықты және танымды екенін атап өткім келеді. Еліміздің әр өңірінен келген әріптестерімізбен таныстық және болашақта бір-бірімізбен тәжірибе алмасуды жоспарлап отырмыз", — деді Наталья Сатылғанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу