Елорда мен Ақмола облысында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

606

Бұл туралы терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық штаб хабарлады, деп жазды inbusiness.kz

Елорда мен Ақмола облысында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

Нұр-Сұлтанда және Ақмола облысында лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар басталды. 

"Іс-шараның мақсаты – ведомствоаралық өзара іс-қимыл дағдыларын дамыту, жедел штабтың күштері мен құралдарының лаңкестік көріністерге жедел ден қою тапсырмаларын орындауға дайындығын тексеру", деп жазылған хабарламада.

Штабтың мәліметінше, оқу-жаттығу түрлі жауынгерлік жағдайларға барынша ұқсас етіп ұйымдастырылған. 

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы Қорғалжын тас жолы мен Домалақана көшесінің қиылысында және Ақмол ауылындағы Наурыз және Бақыт көшелерінің қиылысында сағат 8:00-ден 15:00-ге дейін шектеу шаралары қарастырылған.

"Азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына, көліктер мен тұрғындардың қозғалысына уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және тартылған мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз", – деп жазылған хабарламада. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу