Елорда мен Алматыда 5G желісі тест режимінде жұмыс істеп тұр

657

Алғашқы сынақтар жақсы нәтиже көрсеткен. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елорда мен Алматыда 5G желісі тест режимінде жұмыс істеп тұр

"Кейбір астаналықтар мен алматылықтар интернеттің жылдамдығы едәуір ұлғайғанын байқаған да шығар. Біз 5G желісін сынақтан өткізу үшін жиілік диапазонын бөлген болатынбыз. Байланыс операторлары Нұр-Сұлтан және Алматының кей жерлерінде 5G желісін сынақтан өткізіп жатыр", – деп жазды министр. 

Сонымен қатар Бағдат Мусин алғашқы сынақтар жақсы нәтиже көрсеткенін атап өтті.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу