Елорда мен Алматыда ондаған адам заңсыз митингіге шықты

1042

Митинг Желтоқсан оқиғасы мен Жаңаөзен құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталған. 

Елорда мен Алматыда ондаған адам заңсыз митингіге шықты

Елордамыз Нұр-Сұлтан мен Алматыда ондаған адам заңсыз митингілерге шықты, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан".

Алматыдағы республика алаңына жүзге жуық адам жиналған. Олардың қатарында 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен қоғам белсенділері бар.

Тәуелсіздік монументіне "Қазақстан Демократиялық партиясы", "Республика", "Оян, Қазақстан" қозғалысының өкілдері келген. Митинг Желтоқсан оқиғасы мен Жаңаөзен құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталған. Жиналғандардың алдына прокуратура өкілі шығып тарауды сұрады.

Алаң мен оған кіретін жолдардың барлығын полиция қоршауға алған. Көлік қозғалысы шектелген жоқ. Нұр-Сұлтанда жиналған оншақты адам "Оян,  Қазақстан!" деп айғайлаған. Жиналғандар алдына қала әкімшілігі шығып тарауды сұраған. Полиция ешкімді тұтқындамады.

Айта кетейік кеше бас прокуратураның сайтында заңсыз митингіге шықпау туралы үндеу жарияланған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу