Елорда мен Душанбе арасында ұшатын әуе рейстерінің саны артады

816

Екі елдің әуе компаниялары Нұр-Сұлтан мен Душанбе арасындағы әуе рейстерінің санын 3 рейстен 2 рейске дейін арттыруға мүмкіндік алды.

Елорда мен Душанбе арасында ұшатын әуе рейстерінің саны артады


Қазақстан мен  Тәжікстан әуе компаниялар ел астаналары арасындағы әуе рейстерінің санын арттыру туралы уағдаластық жасады, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігінің азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.       

Бұл уағдаластыққа Нұр-Сұлтан қаласында өткен "Эйр Астана", SCAT және Somon Air әуе компанияларының екі жақты келіссөзі барысында қол жеткізілді деп жазылған хабарламада.           

"Келіссөздер қорытындысы бойынша, екі елдің әуе компаниялары Нұр-Сұлтан мен Душанбе арасындағы әуе рейстерінің санын 3 рейстен 2 рейске дейін арттыруға мүмкіндік алды", ­- деп жазылған хабарламада.          

Азаматтық авиация комитетінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта екі ел арасында әр тараптан аптасына 18 рейс орындауға рұқсат бар, нақтырақ айтсақ, Алматы- Душанбе бағыты бойынша аптасына 6 рейс, Нұр-Сұлтан- Душанбе бағыты бойынша аптасына 5 рейс ұшады. Ал қалған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Тараз және Душанбе, Худжанд, Курган-Тюбе, Куляб қалалары арасындағы бағыттар бойынша аптасына 7 рейске дейін орындалуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу