Елорда нарығына Ақмола облысының 130 кәсіпорны өнім жеткізеді

593

Азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде 300 шақырымдық аймақ анықталды, оған облыстың 20 елді-мекені кірді. Бұл туралы есеп беру кездесуінде өңір басшысы Ермек Маржықпаев айтты, деп жазды inbusiness.kz.

Елорда нарығына Ақмола облысының 130 кәсіпорны өнім жеткізеді

Қазіргі уақытта облыстың 130 кәсіпорны елордаға ауылшаруашылық өнімдерін жеткізумен айналысады. 

"Олар өз өнімдерін елорданың "Магнум", "Астықжан", "Смолл" сияқты 44 ірі сауда желісіне және "Еуразия", "Әлем", "Шапағат" базарларына жеткізеді. Сондай-ақ өңірдің ірі ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін сататын "Ақмол" дүкендер желісі жұмыс істейді. Жыл басынан бері 62 мың тонна сүт өнімдері, 14 мың тонна ет және ет өнімдері, 105 млн дана жұмыртқа жеткізілді. Жалпы өңірде орта мерзімді перспективаға 266 млрд теңгеге 48 жаңа инвестициялық жоба қабылданды. Оларды іске қосу өсімдік майы өндірісін 3,5 есеге, көкөністерді жылыжай өндірісін 3 есеге, сүт-тауар фермаларындағы сүтті 1,5 есеге, барлық түрдегі етті 25%-ға, ұн мен жарма өнімдерін 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 5,5 мың тонна балық пен форель және бекіре уылдырығын шығару жолға қойылады", – деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу