IV тоқсанда 9, 11 (12) сынып оқушыларын қоспағанда, елорданың барлық оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді.
"Биылғы жылдың IV тоқсанында меншік нысанына қарамастан білім беру объектілерінің жұмысын қашықтан оқыту тәртіпте ұйымдастыру, мектеп бітіруші сыныптары (9, 11 (12) сыныптар) қоспағанда, олар үшін оқыту аралас форматында (пәндердің 70%-ы — дәстүрлі форматта, 30%- ы — қашықтан), сыныпта 15 адамнан артық емес, ата-аналардың өтініштері бойынша рұқсат етіледі", — деп жазылған қаулыда.
Жаңа қаулы 2021 жылғы 30 наурызда күшіне енеді.
Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша "қызыл аймақта" орналасқан. Күн сайын қалада коронавирустық инфекцияның 300-ден астам жаңа жағдайы анықталады. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан КВИ ауруының өсуіне жол бермеу үшін санитарлық нормалар мен карантиндік режим талаптарын қатаң сақтау талап етіледі.