Елордада "Нива" көлігі жанып кетті, деп хабарлайды ҚР ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті.
"15 қарашада сағат 17.10 кезінде Нұр-Сұлтан қаласының "101" пультіне "Нива" көлігінің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенде автокөліктің қозғалтқыш бөлігі мен салоны өртеніп жатқанын анықтаған", – деді комитет.
Уақтылы қолға алынған шаралардың арқасында бар-жоғы екі минуттың ішінде өрт толығымен ауыздықталған. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу