Елорда полициясы қарақшыны ұстауға көмектескен оқушыны марапаттады

536

Заңға қайшы әрекеттерге куә болған №49 орта мектептің 8-сынып оқушысы Заңғар Ниязов қорықпай, сауатты және батыл әрекет етті.

Елорда полициясы қарақшыны ұстауға көмектескен оқушыны марапаттады Фото: polisia.kz

Елорда полициясы қарақшыны ұстауға көмектескен оқушыны марапаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев шабуылдаушыны ұстау кезінде батылдық пен белсенді азаматтық ұстаным танытқан 14 жастағы баланы марапаттады. Заңға қайшы әрекеттерге куә болған №49 орта мектептің 8-сынып оқушысы Заңғар Ниязов қорықпай, сауатты және батыл әрекет етті. Елордалық полиция басшысы салтанатты түрде жасөспірімге грамота табыстады.

"Бей-жай қарамай, батылдық таныту – ең жоғары бағаға лайық. Бұл сізді кез келген минутта көмекке келе алатын, жанашыр етіп тәрбиелеген сіздің ата-анаңыздың, мұғалімдеріңіздің үлкен еңбегі", – деді Марат Төлебаев.

8-сынып оқушысы кешкі уақытта Кемеңгерұлы көшесінде әйелге жасалған қарақшылық шабуылға куә болған. Әйелдің көмекке шақырғанын естіген жасөспірім қорықпай оған жүгіріп барып, жағдайын сұраған, өзі сол уақытта полицияға болған оқиға туралы хабарлау үшін досына қоңырау шалған.

Содан кейін бала ересектердің әйелге көмектесуі үшін өтіп бара жатқан көліктерді тоқтатқан. Бірнеше минуттан кейін патрульдік полиция келген. Жасөспірім шабуылдаушының белгілерін сипаттап, полицейлерге ер адамның қай бағытқа бет алғанын көрсеткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу