Осы жылдың 16 қыркүйегінен қазан айының соңына дейін жөндеу жұмыстары көпірдің екінші жағында жүргізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты Р.Қошқарбаев даңғылынан бастап Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айырымына дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.
Айта кету керек, көпірде ыңғайлы болу үшін екі бағытта да қозғалыс сақталған.
Естеріңізге сала кетейік, Сарайшық көпіріне жөндеу жұмыстары 12 жыл бұрын жүргізілген болатын. Осы уақыт ішінде үлкен трафиктің себебінен көпірде жарықтар мен шұңқырлар пайда болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу