Елорда: Сарыарқа ауданындағы базарлардың саудагерлері індетке қарсы вакцина алды

575

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы "Сарыарқа" базарының саудагерлері COVID-19-ға қарсы екпе алды, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорда: Сарыарқа ауданындағы базарлардың саудагерлері індетке қарсы вакцина алды

Тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін саудагерлер әлеуметтік жауапкершілікті ескеріп, вакцина алу туралы шешім қабылдады. Осы ретте Сарыарқа ауданының әкімдігі саудагерлерге қолайлы болу үшін вакцинациялау пунктіне дейін жеткізетін арнайы автобус ұйымдастырды.

"Қазіргі таңда бәріміздің ортақ мақсатымыз – қоғам болып індетпен күресу. Ал күресудің тиімді жолы – вакцина алу арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастыру. Сарыарқа ауданындағы емханаларға тіркелген 267 354 тұрғынның 253 812-сі коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алды. Өз тарапымыздан тұрғындарға ыңғайлы болу үшін вакцинациялау пунктеріне жеткізетін автобустарды ауданымыздың елді мекендеріне ұйымдастырдық. Дегенмен, тұрғындармен қатар, кәсіпкерлік нысандары да өтініш білдіріп отыр", – деді Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы м.а. Ернар Мырзахан.

Айта кетейік, елордада 100-ге жуық егу пункті жұмыс істейді. Нұр-Сұлтанда КВИ вакцинасының бірінші компонентін бүгінге дейін 400 мыңға жуық адам алса, 317 мыңға жуық азамат толық иммундаудан өтт

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу