Елорда спортшылары Республика күніне орай патриоттық челлендж бастады

817

Патриоттық акция қазан айының соңына дейін жалғасады. 

Елорда спортшылары Республика күніне орай патриоттық челлендж бастады

Астана спортшылары Республика күніне орай "Қыран елім – Қазақстаным!" акциясын бастап, "Қазақстан – Республикам менің" өлеңін оқыды. Эстафетаны Атырау қаласының спортшыларына тапсырды, деп жазады inbusiness.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Акция қаладағы мемлекеттік рәміздер алаңында басталды. 

"Біз, Астана қаласының спортшылары, Республика күнін жаңа ұлттық мереке ретінде атап өтеміз. Осыған байланысты біздің патриоттық акциямызды 25 қазанда атап өтілетін Республика күніне орайластыру туралы шешім қабылданды. Бұл челленджді Атырау спортшыларына тапсырамыз. Акция отандық спортты дамыту мақсатында өткізіледі", – деді Олимпиада чемпионы, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті Бас хатшысының орынбасары Серік Сәпиев.

Оның айтуынша, челлендж республиканың басқа да қалалары мен өңірлеріне эстафета ретінде беріледі.

Ақпаратқа сәйкес, патриоттық челленджге кез келген адам қосыла алады. Қала тұрғындары әлеуметтік желідегі парақшаларында #РеспубликаКүні, #ДеньРеспублики хэштегтерімен бейнероликтер жариялауы қажет.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу