Елорда студенттеріне құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді

85

Буллингтің құрбаны болған жағдайда тығырықтан шығуға арналған пайдалы кеңестер берілді. 

Елорда студенттеріне құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді Фото: inbusiness.kz

Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі Жасұлан Сарпеков кәсіби-техникалық колледж студенттеріне "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында дәріс оқыды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық прокуратураның хабарлауынша, дәріс барысында нашақорлықтың, алаяқтықтың және буллингтің алдын алу сияқты маңызды мәселелер талқыланды. Бұдан басқа буллинг тақырыбына да ерекше назар аударылды.

Прокурордың аға көмекшісі Жасұлан Сарпеков жасөспірімдерге буллингтің түрлері мен оған қалай қарсы тұру керек екендігін түсіндірді. Сондай-ақ, буллингтің құрбаны болған жағдайда тығырықтан шығуға арналған пайдалы кеңестер берілді.

Жасұлан Сарпеков кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы айтты. Оның сөзінше, заңдар мен ережелерді сақтау – әрбір адамның міндеті ғана емес, сонымен қатар жауапкершілігі. Заң талаптарын орындамау бүкіл өмірге әсер етуі мүмкін салдарға әкеліп соқтыратыны ескертілді.

Дәріске қатысқандар өздерін мазалаған сауалдарына жауап алды. Олар прокуратураның құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін қандай шаралар қабылдайтыны және өз құқықтарын қалай қорғауға болатыны туралы сұрақтар қойды.

Студенттерге кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар таныстырылды. Тақырып аясында арнайы бейнероликтер де көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу