Астана әкімі Әсет Исекешев үздік мектеп бітірушілерге арналған "Елорда мақтанышы" салтанатына қатысып, түлектерді құттықтады. Астана түлектері сүйікті қалаларына қаланың жаңа Байқоңыр ауданына түлектер аллеясын сыйға тартты, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Биыл Астанада жыл қорытындысы бойынша мектеп түлектерінің саны 6229 адамды құрайды. Оқушлардың 90 пайызы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға тіркелді.
Айта кетейік, елорда түлектерінің 301 - "Алтын белгі" белгісіне, 373-і үздік аттестаттан үміткер.
Сондай-ақ, биыл Астана қаласы 12 рет жалпы республикалық көрсеткіш бойынша "Үздік команда" атағына ие болды.
2017-2018 оқу жылында елордалық оқушылар республикалық және халықаралық олимпиадаларда және ғылыми жобалар бойынша 281 медаль жеңіп алды: 121 алтын, 66 күміс және 94 қола.
"Елорда мақтаныштарымен кездесіп тұрғаныма шын жүректен қуаныштымын. Бұл тамаша мереке мәңгі естеріңізде қалатынына сенімдімін. Өйткені сіздер сүйікті қаламыздың 20 жылдығын мерекелеу кезінде мектепті сәтті аяқтап отырсыздар. Мұның барлығына ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңыздың қажымас қайраты мен шексіз махаббатының арқасында, барлықтарыңыздың адал еңбектеріңіздің арқасында жетіп отырсыздар. Сондықтан, алда дәл осылай өз мүмкіндіктеріңізге сенімді елжанды азамат болыңыздар!", - деді Астана әкімі Әсет Исекешев үздік түлектерді құттықтау салтанатында.