Елорда тұрғындары банкте кепілде тұрған көліктерді заңсыз сатып жіберген

189

Оларға 115-тен аса азамат алданып қалған.

Елорда тұрғындары банкте кепілде тұрған көліктерді заңсыз сатып жіберген Фото: freepik

Астанада алаяқтар қала мен басқа да өңірлердің тұрғындарына автокредит ресімдеумен айналысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ, иелерінің келісімінсіз және екінші деңгейдегі банктерде кепілде тұрған автокөліктерді Ресейге заңсыз сатқан.

Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері алаяқтыққа қатысы бар үш адамды анықтады. Оларға 115-тен аса азамат алданып қалған. Келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 1,6 миллиард теңге болады.

Астана қаласының Полиция департаменті осы адамдардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар мен маңызды ақпараты барлардан полицияға хабарласуды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу