Елорда тұрғындары iKOMEK109 орталығына 15 миллион өтініш қалдырған

152

Жыл сайын орта есеппен 2,2-2,3 миллион өтініш түседі.  

 Елорда тұрғындары iKOMEK109 орталығына 15 миллион өтініш қалдырған Фото: Астана әкімдігі

Тіршілікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы маңызды межеге жетті ‒ 2018 жылдан бастап қала тұрғындарынан 15 миллионнан астам өтініш қабылданды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

iKOMEK109 елорда әкімдігінің фронт-офисі ретінде барлық 24 қалалық басқарманы, 6 аудандық әкімдікті, 24 коммуналдық қызметті, 79 лифт шаруашылығын және қаланың тұрғын үйлеріне қызмет көрсететін 1 370-тен ұйымды қамтиды.

Күн сайын iKOMEK109 операторлары түрлі сипатта 3-8 мың аралығында қоңырауларды, соның ішінде лифтте тұрып қалған адамдар, ашық құдықтар, электр кабельдерінің үзілуі және жедел араласуды қажет ететін басқа жағдайлар сияқты шұғыл қоңырауларды өңдейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу