Елорда тұрғындары "Менің Туым. Менің Отаным!" акциясын қолдап, балкондарына ту ілді

1843

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордалықтар "Менің Туым. Менің Отаным!" челленджіне қолдау білдірді. Тұрғындары акцияға қолдау ретінде балкондарға ту іліп қойды.  

Елорда тұрғындары "Менің Туым. Менің Отаным!" акциясын қолдап, балкондарына ту ілді

"Бүгін барлығымыз Отанымызға деген құрмет пен сүйіспеншіліктің белгісі ретінде біріктік! Мұндай сәттерде патриоттық рух ерекше сезіледі. Мен қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын, барлығына амандық пен өркендеу тілеймін", - дейді елорда тұрғыны Ұлжан Мырзагелдиева.

Челленджге ондаған ҮЕҰ және басқа ұйымдар қатысады. Осылайша, қала тұрғындары қазақстандықтарды келе жатқан мерекелерімен құттықтайды және акцияны қолдауға шақырады. Сондай-ақ #МеніңТуым #МеніңТуымМеніңОтаным #МойФлагМояРодина #ЦветМоейРодины #БіздіңОртақМереке #НашОбщийПраздник хэштегімен Қазақстан Республикасының туымен байланысты жазбалар, фотосуреттер, видео мен сюжеттер жариялау арқылы тұрғындар акцияға белсенді қатыса алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу