Елорда тұрғындары үй жануарларын тегін тіркей алады

505

Иттер мен мысықтарды тіркеу кезек тәртібімен өтеді. 

Елорда тұрғындары үй жануарларын тегін тіркей алады Фото: gov.kz

Тұрғындар 1 қыркүйекке дейін ит пен мысықтарды тегін чиптеп, үй жануарларын tanba жануарларды есепке алу ақпараттық жүйесінде тіркей алады.

  • Елорда тұрғындары үй жануарларын жаздың соңына дейін "Астана ветсервиске" мына мекенжай бойынша тегін чиптей алады: Сарыарқа ауданы, С.Мұқанов көшесі, 2/1 (Арнайы ХҚО), тел.+7 (747) 623 53 57, +7 (747) 672-85-27.
  • Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 9:00-ден 18:00-ге дейін (түскі ас: 13:00-14:00), Сенбі 9:00-ден 13:00-ге дейін. Тіркеу рәсімі үшін жануармен бірге келу, сондай-ақ өзімен бірге мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон болуы қажет.

Сонымен қатар, Астана тұрғындары өз үй жануарларын ақылы негізде елорданың бірнеше ветеринарлық клиникасында тіркей алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу