Елорда тұрғындарына электр энергиясының көлемі дұрыс есептелмеген

547

Қалалық прокуратура тұтынушыларға электр энергиясының негізсіз жоғары шоттары үшін қаражаттарын қайтарып жатыр. 

Елорда тұрғындарына электр энергиясының көлемі дұрыс есептелмеген Фото: Aikyn.kz

"Астана-АЭК" АҚ бірнеше он мыңдаған абоненттерге электр энергиясының көлемін қайта бөлді. Есептеулерді түзету жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, энергиямен жабдықтаушы ұйымнан деректерді қабылдап-жинақтаудың тиісінше ұйымдастырылмауына байланысты тұтынылған электр энергиясының көлемі дұрыс есептелмегені анықталды.

“Көптеген астаналықтарға орташа тәуліктік көлемді есептеген. Осылайша есептеу құралдарының көрсеткіштеріне сәйкес абонент нақты қабылдаған энергия мөлшері үшін энергия төлемін жүргізу туралы Азаматтық кодекстің 488-бабының талаптары бұзылған. Нәтижесінде қала тұрғындарына үлкен мөлшерде есепшоттар келген”, - делінген хабарламада.

Қалалық прокуратура Бас прокуратура арқылы Табиғи монополияларды реттеу комитетіне қадағалау актісін енгізді.

“Уәкілетті орган электр энергиясы үшін негізсіз есептеуге жол берген субъектілерге тексеру жүргізу туралы мәселені қарауы қажет. Бұзушылықтар анықталған жағдайда Заңда көзделген ден қою шараларын қабылдайды”, - деп хабарлады Бас прокуратура.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу