Елорда тұрғындарына "Жеңіс лентасы" таратылды

199

Жеңіс ленталары Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының түсіне сай әзірленіп, ұлттық ою-өрнектермен безендірілген.    

Елорда тұрғындарына "Жеңіс лентасы" таратылды Фото: Астана әкімдігі

Сарыарқа ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған патриоттық акция өтті.

Іс-шара аясында аудан тұрғындары мен қала қонақтарына арнайы әзірленген "Жеңіс ленталары" сыйға тартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сонымен қатар, ленталарда "Ұлы Жеңіске – 80 жыл" деген жазу мен Мәңгілік оттың бейнесі салынған. Бұл – еліміздің бейбіт өмірін қамтамасыз еткен батыр бабаларға деген тағзым мен құрметтің белгісі.

Аталған акцияның мақсаты – Отан үшін жан аямай күрескен майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін еске алу, жастар арасында патриоттық рухты нығайту және тарихи жадымызды сақтау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу