Елорда тұрғындарының 17,6%-ы медициналық сақтандырылмаған

723

Нұр-Сұлтан қаласында 1 миллионнан астам тұрғын бар десек, олардың 55%-дан астамы медициналық сақтандыруды жеңілдікпен алады, яғни олар үшін мемлекет жарна төлейді. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады. 

Елорда тұрғындарының 17,6%-ы медициналық сақтандырылмаған

Медициналық сақтандыру жүйесі елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылғаны белгілі. Алғашқы жылды қорытындылаған елордалық филиал қалада 100 медициналық ұйымман келісімшартқа отырғанын мәлімдеді. Олардың ішінде 32-і – мемлекеттік, 60-ы – жекеменшік, 8-і – республикалық медициналық ұйым. 
2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қалада медициналық жарна төлейтіндердің 540 768-і жалдамалы жұмыскер болса,  47 899-і – жеке кәсіпкер. Ал өз бетінше жарна төлейтіндер саны - 15 572. 

"Бас шаһарда медициналық сақтандырылған азаматтардың саны - 965 735. Бұл – жалпы тұрғындардың 82,4%-ы. Ал сақтандырылмаған азаматтар үлесі 17,6%-ды құрайды", – дейді филиалдың баспасөз қызметкері Жанаргүл Үмбетова.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу