"Сергек" трафигінің индексі 2020 жылдың 12 наурызынан бастап елорда жолдарында көлік саны 71% - ға азайғанын көрсетеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова телеграм каналында хабарлады, деп жазады әкімдіктің баспасөз қызметі.
"Салыстыру үшін "Сергек" жүйесінің карантинге дейінгі және ТЖ жарияланып, карантин енгізілгеннен кейінгі қалыпты күндеріндегі қалалық трафиктің деректері пайдаланылды. Карантиннен бұрын кез келген жұмыс күні бұл көрсеткіш – "0,5" балға тең болған, ал түнде, қала тым-тырыс кезінде – 4.6 баллға жететін. Карантин кезінде қалалық қызметтердің, полицияның, жедел жәрдемнің, тамақ жеткізу және т.б. қызметтердің көлік қозғалысын есепке алсақ, ең жоғары бал "4,5"- ке теңесуі мүмкін", – деп жазды Мәлика Бектұрова.
Әкімнің орынбасыры кешенді шаралар мен қала тұрғындарының сана-сезімінің арқасында қалалық белсенділікті төмендетуге және азаматтардың өзін-өзі қорғауын арттыруға қол жеткізілуде екенін жазды. Ол осы жұмысты әрі қарай жалғастырып, күш біріктіру арқылы вирустың таралуына тосқауыл болуға шақырды.