Елорда тұрғыны 15 жылға сотталуы мүмкін

Бұл туралы онлайн брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті. 

Елорда тұрғыны 15 жылға сотталуы мүмкін Фото: Taulik.kz

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мефедрон психотроптық затын елорданың өзінде, Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде де, оның ішінде Ақмола облысында да аса ірі мөлшерде жеткізумен және өткізумен айналысқан Астана тұрғынына қатысты жедел ақпарат алды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы, 3-бөлігі, 5-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

"Күдіктіні ұстаған кезде жедел қызметкерлер 30 пакетті тауып, тәркіледі, олардың әрқайсысында 10-нан 30-ға дейін оралған есірткі заттары болған. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 843 грамм болатын мефедрон психотроптық заты болып табылады. 35 жастағы астаналық есірткіні жасырып үлгермеді", – деп атап өтті Шұғыла Тұрлыбек.

Сондай-ақ есірткімен күрес полицейлері күдіктінің ұялы телефонын тәркіледі, онда есірткі құралдарын сату жөнінде куратормен хат алмасу және жасырып салу арқылы жергілікті жерде есірткі заттарын өткізу туралы фотоесеп болған.

"Күдікті қамауға алынды. Полицейлер қылмыстық іс-әрекеттің басқа қатысушыларын анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр", – деп атап өтті спикер.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу