Елорда тұрғыны 4 айлық баланы құтқарған өрт сөндірушіні марапаттауды сұрады

397

Қала тұрғыны 4 айлық нәрестені ажал аузынан құтқарып қалған қызметкерге шынайы алғысын білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елорда тұрғыны 4 айлық баланы құтқарған өрт сөндірушіні марапаттауды сұрады Фото: canva.com

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүлдіршінді көпқабатты тұрғын үйдегі өрттен 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Лесхан Мақсат Әбдіқайымұлы құтқарған.

"Мақсат атты жігітке ерекше алғысымды білдіргім келеді. Ол өрт болып жатқан үйден 4 айлық баланы аман алып шықты, Мақсат – рахмет саған. Мен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің басшыларынан осы қызметкерді марапаттауды сұраймын", – деді қала тұрғыны құтқарушының қолын алып жатып.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу