Елорда тұрғыны 500 мың долларын қайтармау үшін туысын өлтіруге тапсырыс берген

405

Астана қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы 57 жастағы әйелді өлтіруге тапсырыс берген елорданың бұрын сотты болған тұрғынын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны 500 мың долларын қайтармау үшін туысын өлтіруге тапсырыс берген Фото: polisia.kz

Ұйымдастырушы өзінің танысы арқылы "орындаушымен" мәміле жасап, оған шартты 10 миллион теңгенің бір миллион теңгесін алдын ала төлем ретінде берген, сондай-ақ болжамды жәбірленушінің фотосуреті мен басқа да деректері бар ұялы телефонды тапсырған. Сол күні қызметкерлер жалдамалы кісі өлтірушіні анықтады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстың ұйымдастырушысы мен негізгі бастамашысын ұстау мақсатында полиция қызметкерлері кісі өлімін имитациялау арқылы жедел комбинация жүргізді. Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қылмыстың барлық қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Кісі өлтіруге тапсырыс беруші жәбірленушінің туысы екені анықталды. Жәбірленуші оған 2023 жылдың ақпан айында 500 мың АҚШ долларын сақтауға берген, бұл қылмыс жасауға себеп болған. Өзге деректер тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу