Елорда тұрғыны балабақша кезегін қалпына келтіру үшін хакерлердің көмегіне жүгінген

409

Ол балабақшаға жолдама алмақ болған. 

Елорда тұрғыны балабақша кезегін қалпына келтіру үшін хакерлердің көмегіне жүгінген Фото: Nur.kz

Астана қалалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты елордалықтың балабақшаға кезегін қалпына келтіру туралы талабы бойынша азаматтық істі қарады, деп жазады inbusiness.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, талапкер портал арқылы балабақшаға жолдама алмақ болған. Алайда кейін оның жеке кабинеті бұғатталып қалады. Қала тұрғыны жауапкерден бұғатталған жеке кабинетін ашуға және балабақшаға кезекті қалпына келтіруге міндеттеу туралы талап қойып, сотқа жүгінді.

"Талапкер мемлекеттік қызмет көрсету және келісімшарт қағидаларын бұзып, мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу үшін үшінші тұлғалар қызметтерін пайдаланып, оларға ақпараттық жүйенің жеке кабинетінен есеп деректерін берген. Сот отырысында талапкер өзінің жеке кабинетінің есептік деректерін үшінші тұлғаларға беру фактісін жоққа шығармады. Ұсынылған электрондық құжаттамадан талапкердің мүддесі үшін мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу үшін интернет-порталға хакерлік шабуыл қолдана отырып, үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері жүзеге асырылғаны анықталды", - делінген сот хабарламасында.

Елорданың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен С.-ның талабы қанағаттандырылмады.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу