Елорда тұрғыны бейнебақылау камерасы арқылы пәтеріне ұрлыққа түскен азаматты анықтады

383

Таңға қарай үйіне оралған жас жігіт есігін құлыптамай ұйықтап кеткен.  

Елорда тұрғыны бейнебақылау камерасы арқылы пәтеріне ұрлыққа түскен азаматты анықтады Фото: polisia.kz

Елорда тұрғыны бейнебақылау камералары арқылы пәтеріне ұрлыққа түскен азаматты анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгісіз адам пәтерден 65 мың теңге ұрлаған сәтте, пәтер иесі үйде болғаны белгілі болды.

"Таңға қарай үйіне оралған жас жігіт, есігін құлыптамай ұйықтап кеткен. Ашық қалған пәтерлерді аңдып жүріп, жас жігіттің пәтеріне тап болған күдікті, пәтерге кіріп, оның қонақ бөлмесінен ақшасы бар барсеткасын тінтіп, оның ішінен ақшаны қолды еткен. Есіктердің тұтқаларын тарту арқылы ол пәтердің құлыпталмаған есігіне тап болып, ары қарай, пәтердің ішіне кірді. Қонақ бөлмесінде ақшасы бар барсетканы көріп, күдікті барсетканың ішінде тұрған ақшаны алып кеткен. Қабатта орнатылған бейнебақылау камерасынан қараған пәтер тұрғыны, өзінің пәтерінен бөтен жігіттің шыққаның байқап, дереу полицияға хабарласқан", делінген хабарламада.
Алматы ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын бірнеше рет істі болған 26 жастағы елорданың тұрғынын анықтады.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады және Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға шақырады. Кіреберістерді бейнебақылау камераларымен жабдықтау, пәтерлерді күзет дабылдарымен жабдықтауға кеңес береді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу