Елорда тұрғыны ломбардтан күзен тонын ұрлап кеткен

546

Ер адам Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Елорда тұрғыны ломбардтан күзен тонын ұрлап кеткен Фото: polisia.kz

Астанада күзен тонын ұрлады деп күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталды. Тергеу барысында күндізгі уақытта ол Сейфуллин көшесіндегі сауда үйінің ломбард бутигінен сырт киімді ұрлап кеткені анықталды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бутикке кіріп, ол ілулі тұрған тондарды қарастыра бастаған және ломбард бағалаушысының алданып тұрғанын пайдаланып, құнды киімді жасырын ұрлап кеткен.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта ол қала аумағында жасалған ұрлықтың үш фактісі бойынша күдіктеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу