Елорда тұрғыны мешіттен 12 құран кітабын ұрлады

994

Оның алдында ұялы телефон ұрлығына күдікті болған.

Елорда тұрғыны мешіттен 12 құран кітабын ұрлады

Астана тұрғыны қаланың бірнеше мешітінде ұрлық жасаған, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Астана тұрғыны "Нұр Астана" мешітінен 70 мың теңге тұратын 12 "Құран Кәрім" кітабын ұрлап кетті.

"Сол күні ер адам "Әл-Ғани" мешітінде ұялы телефон ұрлығын жасады. Бірнеше күннен соң кезекті ұрлығын жасау кезінде "Әл-Ғани" мешітінің оқушылары ұстады", - деді Есіл аудандық сотында.

Сот процессі кезінде жәбірленуші сотталушымен мәмілеге келуге келісті. Тараптардың мәмілесуі негізінде қылмыстық іс тоқтатылды. Қаулы заңдық күшіне ие болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу