Елорда тұрғыны үйіне балконнан кіремін деп мерт болған

601

Жыл басынан бері 14 адам Нұр-Сұлтандағы құрылыс нысандарынан құлаған.

Елорда тұрғыны үйіне балконнан кіремін деп мерт болған

Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің басқарма басшысы Еркін Отарғалымұлы ел астанасында кеше болған қайғылы оқиға туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, кілтін үйге ұмытып кеткен тұрғын балконнан кірмек болып жүріп, мерт болған.

"Өкінішке қарай, бүгінгі  таңда құрылыс нысандарынан құлау фактісі жиі үрдіс алып отыр. Мысалы, жылдың басынан ведомстволық есеп бойынша осындай 14 оқиға тіркелген. Күні кеше ғана бір тұрғын кілтін іште қалдырып, үйіне балкон арқылы кірмекші болып, алтыншы қабаттан құлаған. Алған жарақат салдарынан оқиға орнында мерт болды. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!  Біздің жасақтар, бөлімшелер апта бойы, тәулік бойы көмекке келуге дайын. Қиын жағдайға тап болсаңыз, "112" немесе "10"1 телефондарына хабарласып, көмек алуларыңызға болады", – деді департамент өкілі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу