Елорда тұрғынын тақырға отырғызған алаяқтардың Ресей азаматтары екені анықталды

789

Полиция интернет-алаяқтың біреуін құрықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Елорда тұрғынын тақырға отырғызған алаяқтардың Ресей азаматтары екені анықталды

Елорда тұрғыны полицияға арызданып, белгісіз біреулер оның 137 094 000 теңге қаражатын алдап иемденіп кеткенін айтқан.

Ер адамның айтуынша, оған телефон арқылы белгісіз екі адам қоңырау шалған. Олардың бірі –  ер адам өзін қала прокурорының орынбасары ретінде, ал екіншісі – әйел өзін қаржылық бақылау бөлімінің қызметкері ретінде таныстырған. Олар оған алаяқтар шотынан ақша алуға тырысып жатқанын және бұл ақшаны сақтау үшін оны банктің кепілдік шотына жіберу керек екенін айтқан. Осылайша, жәбірленуші өзінің барлық ақшасын 15 рет әртүрлі шоттарға аударған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында “Сарыарқа” ауданының жедел уәкіл қызметкерлері күдіктілердің бірі – Ресей Федерациясының 33 жастағы азаматын ұстады. Қылмыстық топтың екі мүшесі республикадан тыс жерде жасырынып үлгерген. Қазіргі уақытта іздестіру шаралары жүргізілуде.

Елорда аумағында қылмыстық топ жалған тұлғалар арқылы банк карталарын рәсімдегені анықталған. Бір ай ішінде күдіктілер еліміздің әртүрлі банктерінде ашылған 35 банк картасын алған. Алаяқтық әрекеттерден алынған ақшаны олар қолма-қол ақшаға айналдырып, АҚШ долларына айырбастаған. Кейін қаскүнемдер валютаны криптовалютаға айырбастап, Ресей Федерациясына жіберген.

Қазіргі уақытта ұсталған алаяқ тергеу изоляторына қамалған.

"Қылмыстық топпен аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті түрлі ведомстволардың басшылары мен қызметшілерінің атынан қоңырау шалумен байланысты алаяқтықтың жиілеп кеткені туралы ескертеді",- деп жазады ақпарат көзі.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті интернет-алаяқтардың құрбаны болмас үшін сақтық шараларын сақтауды ұсынады.

“Егер сізге осындай қоңырау түссе, ешқандай жағдайда СМС-кодты бермеңіз! Әңгімені үзіп, банктің колл-орталығының ресми телефондары бойынша ақпаратты нақтылаңыз. Барлық қауіпсіздік шараларын қосыңыз, 3Д-Secure, сіздің телефон нөміріңізге СМС-хабарлама жібермей ешқандай төлем жасалмайды. Операцияларды жүргізу үшін осы кодты енгізу арқылы ғана растай отырып, сіз қандай да бір төлем операциясын жүргізе аласыз. Сондықтан мұндай қауіпсіздік әдістерін қосу керек”, – деп ескертті полицейлер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу