Елорда тұрғынына электр қуаты үшін 800 мың теңгелік есепшот келді

901

Елорда тұрғынына электр қуаты үшін бақандай 800 мың теңгелік түбіртек келген, деп хабарлайды Atameken Business.   

Елорда тұрғынына электр қуаты үшін 800 мың теңгелік есепшот келді

Мақсат Баймұханов монополистердің электр энергиясы үшін ақшаны заңсыз есептегеніне сенімді. Өйткені бұндай мөлшерде тоқ көзін пайдаланатындай жағдайда емеспіз дейді. Сөзінше, төрт бөлмелі пәтерде теледидар, электр шәйнек, тоңазытқыш пен ноутбуктан өзге техника қолданылмайды. Бұған дейін елордалық отбасы электр қуаты үшін ай сайын, шамамен 2 жарым мың теңге төлеп келген. Ал ақпан-наурыз айларына миллионға жуықтаған есепшот келгенде, төбе шашымыз тік тұрды дейді. Мақсат Баймұханов бірден мамандарды шақыртып, есептегіш құралын сараптамаға жолдаған. Дегенмен құрылғыны тексеру кезінде ешқандай ақаулар табылмапты. Азамат есептеуіш құралын өндірген ресейлік компаниясына да тексерткен екен. Ондағылар да олқылық таппай, кері қайтарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу