Елорда тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді

667

30 жастағы елорда тұрғыны аса ірі мөлшерде Астана, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына есірткі жеткізумен айналысқан.

Елорда тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді

Ақмола облысының полицейлері елорда тұрғынынан мефедрон мен 250-ден астам есірткі бумасын тәркіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің жедел ақпараты бойынша, 30 жастағы елорда тұрғыны аса ірі мөлшерде Астана, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына мефедрон мен тұз синтетикалық есірткілерін жеткізумен және өткізумен айналысқан. 

12 қазанда Ақмола полицейлері арнайы бөлімшелер қызметкерлерінің көмегімен операция нәтижесінде Көкшетау қаласына кіреберіс жолда, "Құлагер" қонақ үйінің жанында Астана қаласының 30 жастағы тұрғынының басқаруындағы автокөлікті тоқтатты. Автокөлікті рұқсатсыз тінту барысында капоттың астынан сарғылт түсті, ұнтақ консистенциялы, ерекше иісі бар, мөлдір скочпен оралған үлкен полиэтилен байламы (шамамен 200 грамм мефедрон), сондай-ақ қара түсті изолентамен оралған 256 бума қызыл және сарғылт түсті ұнтақ заты (салмағы шамамен 150 грамм) табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар, есірткі жасырылған орындардан фиксацияланған екі ұялы телефон тәркіленді. Қазіргі уақытта жедел уәкілдер есірткі сатып алу арнасын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу