Елорда тұрғынынан есірткі тәркіленді

302

 Күдікті келіншек Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Елорда тұрғынынан есірткі тәркіленді Фото: Polisia.kz

Елордалық полиция қызметкерлері "Тосқауыл" жедел алдын алу іс-шарасы барысында күдікке ілінген Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

42 жастағы қала тұрғыны жүргізіп келе жатқан көлікті тексеру кезінде 124 ұнтақ тәрізді полиэтилен орама мен психобелсенді таблеткалар салынған сөмке табылды.

Одан әрі тұрғылықты жерін тінту барысында ерекше иісі бар 7 орама ұнтақ тәрізді консистенция алынды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар салмағы 74,3 грамм "мефедрон", 23,1 грамм "гашиш" және 17,4 грамм "ЛСД" есірткісі екені анықталды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті келіншек Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу