"Елорда жастары" ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыруға 1 млрд теңге бөлінді

595

Мұндай шешім Астана қалалық мәслихатының кезекті сессиясында белгілі болды.  

"Елорда жастары" ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыруға 1 млрд теңге бөлінді Фото: info.homsters.kz

Биыл жылдың басында Астанада "Елорда жастары" ипотекалық бағдарламасын іске асыру үшін 1 млрд теңге, ал "Сатып алу құқығынсыз жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасын іске асыру үшін 18 млрд теңге бөлініп отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Бағдарлама Астана қаласында жұмыс істейтін жастарды қолдауға бағытталған.

Бөлінген қаражат мөлшері мәслихаттың кезекті сессиясында бекітілді, оның барысында 2023-2025 жылдарға арналған бюджет талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу