Елорда жолдарында жылдамдық режиміне өзгерту енгізілді

658

24 қарашадан бастап Астанадағы Мәңгілік Ел даңғылының учаскесінде Ұлы Дала даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейін жылдамдық режимінің бұзылуын тіркеу қайта басталды, деп жазады inbusiness.kz

Елорда жолдарында жылдамдық режиміне өзгерту енгізілді Фото: speedcam.online

Қауіпсіздік мақсатында бұл учаскедегі жылдамдық 80-нен 60 км/сағ-қа дейін төмендетілді. Себебі ауданда бірқатар тұрғын үй кешені мен сервис нысандары пайдалануға берілмек.

Астана қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, жыл басынан бері Мәңгілік Ел даңғылында 250-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген.

"Салдарынан 8 адам дене жарақатын алды. Көрсетілген өзгерістерді назарға алуды және жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтай отырып, қозғалысты жүзеге асыруды сұраймыз", - деді ПД хабарламасында.

Бұдан бөлек полиция аталған учаскеде "Сергек" камералары жұмыс істейтінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу