Елорда жылу тапшылығымен бетпе-бет келуі мүмкін

590

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов биыл елордада қанша шаршы метр тұрғын үй берілетінін мәлімдеді. 

Елорда жылу тапшылығымен бетпе-бет келуі мүмкін

"Жыл соңына дейін 3 млн шаршы метрді құрайтын тұрғын үйді тапсыруды жоспарлап отырмыз. Былтыр 1 млн  700 мың шаршы метр тұрғын үй берілді. Жыл сайын шаршы метрлердің ауданы ұлғайып келеді", – деді Алтай Көлгінов қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында сөйлеген сөзінде.

Оның сөзінше, елорда да ТЭЦ-3 құрылысын аяқтау күрделі мәселе болып тұр.

"ТЭЦ-3 құрылысын аяқтау күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе. Келесі жылы ТЭЦ-3 құрылысы аяқталмаса, жылу тапшылығы мәселесімен бетпе-бет келуіміз мүмкін", – деді әкім.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу