Елордада "Астана" баскетбол балалар академиясы ашылды

742

Елордада "Астана" баскетбол балалар академиясы ашылды

Елордада Назарбаев Университетінің базасында "Астана" Президенттік кәсіпқой  клубының командасы жанынан "Астана" баскетбол балалар академиясы ашылды.

Академияның негізгі мақсаты кейінгі жоғары спорттық білім алумен елімізде баскетболдың дамуы үшін мықты база құру болып табылады. Команданың жаттықтырушылар құрамы мұқият іріктелді.

Шара барысында тәлімгерлер үлгілі жаттықтыру өткізіп, содан кейін балалар "Астана" БК кәсіпқой ойыншыларымен ойнады.

 "Бұл біздің баскетбол үшін қаншалықты маңызды күн екенін сөзбен жеткізу қиын. Бүгін біз куә болып отырған осындай деңгейдегі баскетбол академиясының ашылуы баскетболдың болашаққа жалғасуы шығар. Баскетболды шынымен сүйетін балалар үшін бұл жерде барлық жағдай жасалған",  деп атап көрсетті "Астана" БК бас менеджері Валерий Тихоненко.

"Астана" баскетбол балалар академиясы барлық халықаралық талаптарға жауап береді: ол бірегей кәсіби паркетпен (Қазақстанда аналогы жоқ) және қажет құрал-жабдықтармен жарақталған, тіпті балалардың киімдеріне дейін қарастырылған. 

Қазіргі уақытта академияда бекітілген кесте бойынша 8-14 жас аралығындағы 60 бала жаттығады. Жаттығулар таңертең және кешкі уақытта өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу