Елордада "Донорлық көмек" науқаны басталды

636

Елордада "Донорлық көмек" науқаны басталды

Елордада бүгіннен бастап "Астананың 20-жылдық мерейтойына кәсіпкерлерден 20 қайырымды іс" жобасы аясында "Донорлық көмек" науқаны басталды. Оған еліміздің бірқатар ірі банктері қолдау көрсетіп жатыр, деп хабарлайды elorda.info.

Осы жылы елдің барлық аумағында Астананың 20 жылдығына орай мәдени, спортық, қайырымдылық және басқа да іс-шаралар өткізілуде. Осыған сәйкес, Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы "Астананың 20-жылдық мерейтойына кәсіпкерлерден 20 қайырымды іс" жобасы әзірледі. Мәселен, жоба шеңберінде бүгіннен бастап, яғни 14 мамырда "Донорлық көмек" (қан тапсыру) науқаны басталды.

Аталған жобаға бас қаладағы басты екінші деңгейлі банктер қатысып жатыр. Атап айтқанда, бүгін АО "ForteBank" қызметкерлері,  16 мамырда "Рессей Жинақ банкі" АҚ" ЕБ, "Еуразиялық банкі" АҚ, "Альфа-Банкі" АО" ЕБ қатысады.
Осыған орай, басқарма Астананың барлық кәсіпкерлерін аталған жобаны жүзеге асыруға шақырады.
Толық ақпарат алу үшін Бейбітшилік к-сі, 11, 113 каб. мекенжайында орналасқан Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына 556910, 556916 тел. арқылы хабарласуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу