Елордада "Қолжетімді ХҚКО" акциясы өтуде

642

Елордада "Қолжетімді ХҚКО" акциясы өтуде

Акция "Астана – адалдық алаңы" жобасын жүзеге асыру аясында өтуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

"Қолжетімді ХҚКО" акциясы аясында енді қала тұрғындары өздеріне қажет анықтамаларды ірі ОСО, базарларда, емханаларда және сауда орындарында, кеңселер мен мекемелерде ала алады. ХҚКО-ның қызметкерлері адамдар көп жиналатын жерлерге барып қызмет көрсететін болады. Бүгін осындай мүмкіндікті "MegaSilkWay" сауда-ойын-сауық орталығының келушілер мен қызметкерлері алды. 

"Президент биылғы Жолдауында бірінші кезекте цифрландыру міндетін қойған болатын. Халық электрондық үкімет арқылы қызмет алудың ыңғайлы әрі тиімді екенін түсінуі қажет. "Астана – адалдық алаңы" жобасын жүзеге асыру аясында біз 8 ақпаннан бастап осындай үлкен істі қолға алдық. Яғни, ХҚКО-ның қызметкерлері ірі сауда орындарына, кеңселерге барып сол жерде адамдарға түрлі анықтамаларды алу жолын, e.gov порталын қолдану жолдарын түсіндіріп, көрсетіп, үйретеді",- деп атап өтті "Астана – адалдық алаңы" жоба кеңсесінің жетекшісі Ж. Жылқышиева.

Қазіргі кезде осы акция аясында электрондық-цифрлық қолтаңба және түрлі қызмет түрлерін 5 мыңнан астам қала тұрғыны алды. ХҚКО қызметкерлері болашақта мектептерді аралауды жоспарлауда. Акция бірінші жартыжылдықтын соңына дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу