Елордада 1,1 мың көлік айып тұрағына қойылған

1018

Елорда полициясы сағат 20:00-ден кейін көлік қозғалысын жүз пайыз тексереді.  

Елордада 1,1 мың көлік айып тұрағына қойылған

Ал бүгінгі таңда қалада 1 125 көлік айып тұрағына қойылған, деп хабарлайды қаласы әкімдігі.

20 сәуірден бастап кейбір кәсіпорындардың жұмысын жалғастыруға рұқсат берілгендіктен, көшедегі көлік қозғалысы 10 пайызға артты.

Қалалық жедел штаб шешімімен өз жұмысын қайта бастайтын кәсіпорындар саны көбейді. Бұл тізімді автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, вулканизация, автосалон сияқты жұмыс орындары толықтырды.

Жұмыс жағдайында автокөлік салонында тек жүргізуші ғана болуы керек. Сондай-ақ агротехникалық салада да жұмыс істеуге рұқсат етілген. Дегенмен әр ұйым өз қызметкерлерінің жұмысқа келуі мен кері қайтуын ұйымдастыруға міндетті.

Полиция көбіне жеке тұлғалардың жеңіл көлігін тоқтатады. Ұйымдардың жұмыс уақыты 18:00-де аяқталады. Күндіз "Сергек" бейнебақылауының талдау нәтижесі бойынша, трафиктің толық бақылауы қажет болған жағдайда мобильді пост орнатылады. Сағат 20:00-ден кейін мобильді поста көлік қозғалысы 100% тексерістен өтеді.

Бүгінгі таңда 1 125 көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Сағат 22:30-ға дейін тек азық-түлік сатып алумен айналысатын көліктер ғана жүреді. Ал, сағат 23.00-ден кейін дезинфекция жұмыстары үшін көлік қозғалысын 5%-ға дейін төмендету жоспарланған. Төтенше жағдай мен карантин режимін қасақана бұзған жағдайда құқық бұзушыларға заңға сәйкес нақты шаралар қабылданады.

"Құрметті қала тұрғындары, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін карантин талаптарын қатаң сақтауды талап етеміз. Қабылданған шараларға түсіністік танытып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтап, инфекцияның алдын алуға көмектесулеріңізді сұраймыз. Бұл шаралардың барлығы сіздің және жақындарыңыздың денсаулығы үшін қабылданып жатыр", – дейді полиция қызметкерлері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу